|  |  | 

Керекті кеңес Редактор бағаны

Мамандық таңдауда неге мән берген дұрыс?

Барша түлектер ҰБТ-ны аяқтап, қолда сертификат, университет және мамандық таңдау деген маңызды басқыш алдында тұр. Күнде жекеме ондаған оқушы мен ата-ана кеңес сұрап жазып жатыр. Бәрінің сұрағы «Қай мамандық жақсы, мынандай балмен қай мамандық, қандай университетке түсе аламыз?» деп сертификат суреттерін жібереді. Әр адамға жеке кеңес беруге үлгермегендіктен арнайы мамандық таңдау кезіндегі маңызды түйіндерді ескертейін.

Мамандық таңдаған дұрыс. Ал, бірақ көбіміз «мамамдық» (мамасы таңдаған мамандық) таңдап кететініміз ақиқат. Жалпы, мамандық таңдау туралы ойымызды осыған дейін жазған едік, ол aizere.kz жеке блогымда тұр. 10 сынып болсаңыз міндетті түрде оқыңыз.

Ал, дәл қазір сертификат бар, таңдау пәніміз белгілі, ендігі біздің таңдайтынымыз, шыны керек, мамандық емес, грант екені ақиқат. Жақсы мамандықтың грантына түсу ол — жарты бақыт, сол себепті мамандық пен университет таңдар кезде, ертең өкініп қалмас үшін төмендегі дүниелерді ескертейін.

Бірінші, әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімі шықты, жақсылап қараңыз, (kazbilim.kz сайтында тұр) бірақ, көп бөлінуі түсуге кепіл емес, аз грант бөлінген мамандықты аз адам, көп грант бөлінген мамандықты көп адам таңдауы мүмкін.

Екінші, бір мамандықты екі-үш университеттен таңдамай-ақ қойыңыз. Сіз конкурсқа түсудегі мүмкіндігіңізді азайтасыз. Себебі, грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді.

Үшінші, мамандық таңдаған кезде сертификаттағы балыңыз маңызды, асқан тәуекелге бармаңыз. Мысалы, 115-пен стоматология немесе 110-мен жалпы медицина таңдап әуре болмай-ақ қойыңыз. Көрпеңізге қарай көсілген дұрыс. Бұны қалай межелеуге болады?
Ол үшін өткен жылғы грант иегерлері тізімін көре салу жеткілікті. Ол да kazbilim.kz сайтында тұр. Кез келген мамандыққа өткен жылғы ең төменгі балдан +/- 5 балдан артық тәуекел қажет емес.

Төртіншіден, балыңыз грантқа түсуден гөрі, тәуекелге жақын болса, онда ең маңызды кеңес, мамандық таңдау биыл 13-20 шілде аралығында жүреді. Сіз мамандықты 18-20 шілде арасы, жұрттың ең соңында тапсырыңыз. Себебі, ҰТО әр күні бір мамандықты неше адам таңдағаны туралы статистика жариялайды, соған қарап отырып өз балыңызбен таңдаған мамандыққа түсу-түспеуіңізді 90% межелеуге болады. Себебі, мамандық таңдау басталған кезде өз алдына сенімділер бірінші таңдап кетеді, сосын бір грантқа неше адам таласып тұрғанына қарап өз мүмкіндігіңізді біліп аласыз. Мысалы, бір грантқа 5 адамнан артық таласып тұрса әуре болмаңыз. Бір грантқа 0,7 адам таласып тұрған мамандықты ойланбай таңдай беріңіз.

Бесіншіден, әр құжат қабылдаған университет өзін таңдауды, өзінде бар мамандықты таңдауды ұсынуы, тіпті кейбірі «бізді таңдамасаң құжатыңызды алмаймыз» деп міндетсінуі мүмкін. Бұл заңсыз! Сіз бір қаладан бір қалаға жүгірмей өзіңізге ең жақын университетті немесе басқа университетті таңдап құжат тапсыра аласыз. Сосын грант иегерлері тізімі шыққан соң, өзіңіз түскен университетке құжатыңызды алып бара бересіз.

Алтыншы, құжатты 20 шілде, сағат 18.00-ге дейін тапсырып болсаңыз болғаны, ерте тапсыру мен кеш тапсырудың конкурсқа еш қатысы жоқ. Сондықтан, асығып қате таңдап қоймаңыз.

Жетінші, ауыл квотасы, оралман квотасы немесе тағы басқа жеңілдіктер барлық мамандықта бола бермейді. Мысалы, ядролық физика, халықаралық қатынас мамандығында ауыл квотасы жоқ. Сондықтан мұны ескеру маңызды. Ауыл квотасы бар мамандықтар тізімі де kazbilim.kz сайтында тұр.

Сегізінші, танымал мамандық таңдап ертең өкініп қалмаңыз, өзіңіз ең жақсы маман болып шыға алатын саланы таңдаңыз. Хит мамандықтың сапасыз кадрі болғанша, ел менсінбейтін мамандықтың мықты маманы болу — табысқа жетудің төте жолы.

Тоғызыншы, университетті өз қалаңыздан басқа қалада оқуға кеңес беремін, «балам адам болсын десең, сыртқа айда» дейді біздің қазақ. Рас, университетті басқа қалада оқып, сәл де болса ыстық-суықты бастан кешіңіз, «ақ алақан» маман болып шықпас үшін. Үйдің қасында оқу — жан қинамаудың тамаша әдісі, бірақ, үйіңіз қасыңызда мәңгі тұрмайды.

❗Айтпақшы, медициналық немесе педагогикалық мамандық таңдайтындар психологиялық тесттен өтулері міндетті, оны 15 шілдеге дейін тапсырып болу керек. Тапсырып қоймасаңыздар, ертең ондай мамандықты таңдай алмай қаласыздар.

Баршаңыздың грант иегері болуларыңызға тілектеспін, сәттілік болсын!

Сұрақтарыңыз болса комментке жаза беріңіздер, бас-аяғын қосып тағы бір пост жазармын.

Республикалық QAZBILIM орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Оқушылар қосымша білім беру орталықтарына кетіп жатыр

    Оқушылар қосымша білім беру орталықтарына кетіп жатыр

    Білім сайыстарында бас жүлде алатын балалардың 70 пайызы ауылдан келгендер дейді орталық жетекшісі . Мектептерден білікті мамандар қосымша білім беру орталықтарына кетіп жатыр деген алаңдаушылық басым. Ал, осы дамып келе жатқан мектеп бағдарламасынан тыс білім беру жүйесі оқушыларды несімен қызықтырады? Azattyq Rýhy тілшісі осы мәселенің түп-төркінін «BILGE» халықаралық инновациялық шешімдер орталығының жетекшісі Әкім Тұрсыннан сұраған болатын.

  • Оқулықтағы олқылықтар опық жегізбесін

    Оқулықтағы олқылықтар опық жегізбесін

    Қазіргі мектеп оқулықтары «Білім», «Атамұра», «Алматы кітап», «Жазушы», «Мектеп», «Арман-ПВ» секілді баспалардан шығуда. Әр түрлі баспадан шыққан оқулықтардың сапасы қандай? Жаңартылған білім мазмұнының ең басты артықшылығы неде? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде бірқатар  ұстаздар мен ата-аналардың пікірін білген едік. Реформаға жиі ұшырайтын екі сала болса, соның бірі – білім. Неше жылдан бері бұл салада

1 пікір

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog