|  | 

Ахметтің 40 мысалы

Ахмет Байтұрсынұлы. Иттің достығы

Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері,
Өздері, ит болса да, әдепті еді.
Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын,
Болады әдепті иттің әдеттері.

Түс мезгіл екі төбет тойып жатып,
Кемпір наз-өкпелерін қойып жатып,
Ас үйдің алдындағы күн шуақта,
Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып.

Сөз қылды жақсылықты, жамандықты,
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты.
Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп,
Қолға алды татулық пен араздықты.

Тілмарсып сол уақытта айтты Мойнақ:
«Менсіз-ақ қара, Терткөз, өзің ойлап.
Дүниеде одан артық не нәрсе бар —
Тұрғаннан татулықпен күліп-ойнап?!

Дос болсаң құшақтасып, жанға балап,
Сөз айтсаң бір-біріңе «шырақ, қарақ»,
Алты күн ашаршылық көрсең дағы,
Жемесең бірің жоқта бірің тамақ;

Достың дос жұлдырмаса жауға түгін,
Еш нәрсе айырмаса ара-жігін,
Бірінің қабағына бірі қарап,
Білмесе күннің қалай өткендігін! —

Не бар деп дүниеде мұнан артық,
Мен қалып бір қиялға тұрмын бүгін.
Жолдыаяқ, ақсақ Құтпан, жаман Сарқұс,
Солар да тату боп жүр, біздер түгіл».

Сөйледі маңызданып енді Төрткәз:
«Мойнеке, мұның әбден айтарлық сөз.
Тұрмайтын бір күн тату неміз бар деп,
Мен дағы ойлаушы едім осыны әр кез.

Не келіп, тірі жүрсең, не кетпейді,
Араз боп, екеуімізге не жетпейді?
Тамақ тоқ, өркені өссін иеміздің!
Тыюсыз сөгіп-соқпай, құрметтейді.

Расын рас демей, танамыз ба,
Бір тәулік татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренішке сәл нәрсеге,
Екеуіміз таласамыз, барамыз да.

Мұндай іс арасында болған емес,
Көз салсақ бұрынғы өткен бабамызға.
Атаның жолын қумай, лаққанда,
Тура жол сонан артық табамыз ба?».

Бұл сөзге көңілденіп, Мойнақ тасты,
(Ол үлкен, онан гөрі Төрткез жас-ты)
«Төрткөзім!», «Мойнекем!» деп бірін бірі,
Дос болып, серт айтысып, құшақтасты.

Екеуі бірін бірі сүйді, құшты,
Қызығы басылмаған достық күшті.
Ас үйден лақтырылған бір омыртқа,
Солардың нақ жанына келіп түсті.

Көрген соң майлы сүйек, ит тұрар ма,
Құшағын жазып ала жүгірісті.
Достықты, айтқан сертті былай қойып,
Екеуі бір-біріне салды тісті.

Досты дос мұнан артық қалай сыйлар,
Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты.
Су құйып үстеріне, жиылған жұрт,
Екеуін зордан ғана айырысты.

* * *
Иттерге таласса да жарасады,
Әйтпесе ит өдетін адасады.
Дос болған адамдарға қарап тұрсақ,
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына нәрсе түссе,
Иттерден олар артық таласады.

*** *** ***

Замандастарыма

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат турмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып өндіре ме,
Жүргенде қамыт басып, қажып-талып.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? Тасисың бірде кеме, бірде салдар, Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын. Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ, Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? Бейнетім менің егер сендей болса, Бір күн де төзбес едім, нақ бұл шыным. Байқасам салыстырып саған қарап, Рақат, ұжмақ менің көрген күнім. Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ,

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына, Мал еді көз тоятын қарасына. Артықша бір көлбақа күншіл екен6 Сол көлдің бақасының арасында. Өгізді суға тойған Бақа көрді, Секіріп көршісіне жетіп келді. «Боламын мен де сонау Өгіздей»,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog