|  | 

Ұлылар ұлағаты

Зейнеп АХМЕТОВА. Атаның маған айтқан ақыл сөздері

momishuliАнаған да, мынаған да таңғаласың да жүресің. Соған кеткен қуатыңды, уақытыңды өзгені таңғалдыруға жұмсамайсың ба?! Меніңше, сенде оған жететін күш-қуат бар.

Алатын кезде – алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі – үлкен олжа.

Адам ешкімге сенбей, бәріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу”, “нашар адамдар” деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасыңа топталып, жинала береді.

Адам өмірге, мынау жарық дүниеге жылап келеді. Ата-ана, туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады. Кетеріңде өзгелер жылап, өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе.

Маңдай терің тамған еңбегің мен ақылың жұптаса қол ұстасып жүрмесе, тапқаның табаныңның астында тарыдай шашылады.

загруженное (40)Жақсы адамның жақсылығын айтқын, мейірленсін. Бірақ жағымпазданып өтірік мақтама! Нашар адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа!

Өзіңді силайтын жерге қайта-қайта жылтыңдап бара берме, қадірің кетеді.

Пышақ қаламның орнын ауыстыра алмайды. Пышақ кескен жер жазылып кетеді, қалам жазалаған жер жазылмас жараға айналады.

Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол достар мен дұшпандарың көбейеді.

namys.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • «Білгенге – ишара, білмеске – қор» — М.Дулатұлының қанатты сөздері

    «Білгенге – ишара, білмеске – қор» — М.Дулатұлының қанатты сөздері

    Көрнекті алаш қайраткері, «Алаш» автономиясы мен Алашорда үкіметін құруда көп еңбек сіңірген біртуар тұлға,  «Оян, қазақ!» деп  ұрандатып, халқының азаттығын аңсаған ақын, жазушы Міржақып Дұлатұлы қанатты сөздерге айналған өлең жолдарын ұсынамыз. – Әркім өз қолынан келгенше жомарт; – Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр; – Білгенге – қиын емес кету байып; – Артықтан тағылым ал, кемге

  • Мағжан Жұмабайұлы. Баланың жанын тәрбиелеудің негіздері

    Мағжан Жұмабайұлы. Баланың жанын тәрбиелеудің негіздері

    Бастапқы кезде жөпшенді білінбейтін баланың жан тұрмысы бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек: адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол – жан. Қиын

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog