|  | 

Жаңалық

Жемқорлық қылмысы үшін білім бөлімінің басшысы сотталды

БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысы үшін сотталды. Бұл туралы Қазбілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаров орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болып танылған», — делінген хабарламада.

21 қаңтарында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетін  сотқа берді

    Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетін сотқа берді

    Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетін сотқа берді, — деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. «Астана» университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарына кедергі жасап, қажетті құжаттарды ұсынбады. Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кедергі жасау фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама

  • Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады

    Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жоғары оқу орындарының оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады. Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында баяндама жасаған вице-министр Мирас Дәуленов қазіргі уақытта 30 ЖОО-да оқытушылардың айлығы 30 пайызға көтерілгенін жеткізді. Десе де олардың орташа жалақысы төмен күйде қалып отыр. «Мектеп мұғалімдерінің айлығынан ЖОО оқытушылардың жалақысы аз. Осыған байланысты ЖОО оқытушылары

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog