|  |  | 

Үздік Ұстаз

Елорданың ең үздік мұғалімі

Ең білікті, ең шығармашыл, ең білімді ұстаз. Бұл – биылғы «Үздік мұғалім» байқауына қойылған талап. Осы сыннан сүрінбей өткен №73 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Бапанова болды. Оқушылар сарайында өткен қалалық кезеңде барлық сыннан сүрінбей өтіп, қанжығасына бас жүлдені байлаған ол Астананың ең үздік мұғалімі атағын иеленіп, 1 745 000 теңгелік сертификаттың иегері атанды. Шараға елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

Айта кетейік, бұл байқауға қаламыздың 84 мектебінен мұғалімдер алдын ала өткізілген екі кезеңге қатысты. Нәтижесінде 8 сайыскер финалға іріктелініп шықты. Өздерінің біліктіліктерін тәжірибе нәтижелері мен педагогикалық ситуациялардан шығу шеберліктері арқылы көрсеткен сайыс­керлерді қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы анықтады. Жүлделі І орын №50 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ұлболсын Есілбаеваға (1 654 000 теңгеге сертификат) бұйырса, ІІ орынды Білім және инновация лицейі­нің физика пәні мұғалімі Есбол Дүйсеев (1 561 000 теңгеге сертификат) иеленді. Ал ІІІ орын № 58 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Болат Бимендинге (1 012 000 теңгеге сертификат) бұ­йырды. Оқушыларды оқу үдерісіне тарта білу дағдылары мен сабақ өткізудегі кәсіби шеберлігімен ерекшеленген ұстаздарды «Әдіскер мұғалім», «Зерттеуші мұғалім», «Эрудит мұғалім», «Жаңашыл мұғалім», «Көрермендер көзайымы» аталымдары бойынша марапаттап 200 мың теңге көлемінде сыйақы мен арнайы дип­ломдар табысталды.

Гүлжан Бапанова,
№ 73 мектеп-лицейі­нің бастауыш сынып мұғалімі:

– ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйе­сінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Біздер, ұстаздар қауымы, білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі екенін жақсы түсінеміз. Жеңісіме қатты қуандым. Сынақ – алда. Республикалық байқауда да топ жарып, астаналықтардың мерейін асырғым келеді.

Гүлжан РАХМАН

«Астана ақшамы» газеті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ақтөбелік оқушы Түркиядан жеңіспен оралды

    Ақтөбелік оқушы Түркиядан жеңіспен оралды

    Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Санжар Хамит Анталияда өткен халықаралық пән олимпиадасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазбілім порталы Ақпарат агентігіне сілтеме жасап. Санжар Хамит география пәнінен І орын, ағылшын тілінен ІІІ орынды иеленді. «Санжар Хамит 7 сыныпта оқып жүргенде ағылшын тілін жетік білетінін байқаған болатынмын. Содан оны мектеп олимпиадасына дайындалуға шақырдым. Ол бірінші

  • Жыр жаттаудан жеңімпаз атанған оқушы 1 млн теңге жеңіп алды

    Жыр жаттаудан жеңімпаз атанған оқушы 1 млн теңге жеңіп алды

    Шымкентте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылып, оқушылар жыр жаттаудан жарысты. Байқауға 116 мектептен мыңнан аса оқушы мен 600-ден аса мұғалім қатысып, 12 бала ақтық кезеңге өтті. Руханият додасы республика бойынша 6-10-сынып оқушыларының арасында өтті. Байқау аясында қатысушылар 132 бет — 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog