|  | 

Керекті кеңес

Диплом сатуға тыйым салу білім сапасын арттыруға ықпал етеді — қоғам қайраткері

Диплом сатуға тиым салу білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Мұндай пікірді Целиноград ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел айтты.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  Жолдауын тыңдап, онда ұстаз беделін арттыруға ықпал ететін тың бастамаларды естіп, тағы бір марқайып қалдық. Президент аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың «Жол картасын» әзірлеуі қажеттігін алға тартты.

Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер дарынды балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керектігін ескертіп өтті. Жолдауда жоғары білімнің сапасы жайлы өзіміздің түлектерді жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отырғандығына тоқтала келіп, олардың санын қысқарту мәселесін қарау керектігін жеткізді.

Әсіресе, терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екенін баса айтты. Бұл тұрғыда осындай оқу орындарына тыйым салу арқылы білім беру сапасын арттыру қажеттігін айтты», — деді ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауына орай пікір білдіре келе.

Сонымен қатар,  ол Жолдауда білім саласы жайлы өзекті бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру, дербес қаржыландыру тәртібін енгізу, оқулық сапасы мен ұстаздар жалақысын арттыруға назар аударылуы халықтың көңілінен шыққанын айтты.

«Бұл Жолдаудағы білім саласына қатысты ең қажетті мәселе — оқулық сапасының төмендігі  туралы болды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті екендігін айтты. Жолдаудағы ұстаздар қауымына қатысты қуанышты жаңалық мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартумен баланысты болды. Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырған болатын. Алдағы жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіні ұстаздар қауымын бір серпілтіп тастады.

Осылайша, Мемлекет басшысының Жолдауы білімнің өзекті мәселелерін қозғауымен көңілімізден шықты. Бұл жолғы Жолдау оқытудың өзекті мәселелерінің шешілуі мен ұстаз беделінің артуына ықпал етеріне кәміл сенеміз», — деп түйіндеді Сәдібек Түгел.

 

Автор: Аслан Оспанов

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сататын ЖОО-лар туралы айтты. «Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың

  • Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Дәстүр бойынша Жаңа жылдың басы өткен жылды қорытындылап, жаңа міндеттерді іске асыратын уақыт деп есептеймін. Мен ғылым саласы туралы әдейі көп жазған жоқпын, себебі бұл салада жиналып қалған мәселелер өте күрделі, әрі сан қырлы болғандықтан, қабылданатын шешімдерге де қарама-қайшы пікірлер мен көзқарастар әртүрлі болды. Сондықтан, министр лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір мәселені жеке-жеке де, басқа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog