|  | 

Жаңалық

ГРАНТ — 2014 тізімі kazbilim.kz сайтында ЖАРИЯЛАНАДЫ

201420142014Құрметті, біздің оқырмандар ата-аналар мен еліміздегі барша мектептің 2014 жылғы түлектері:

Бәйгеге тұлпар қосқандай аласұрып, тағатсыздана күткен 2014 жылғы Жоғары оқу орындарына қабылданған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі екендігі даусыз. Әр күні сайт оқырмандарынан почтамызға келіп жатқан биылғы жылдың грант иегерлері туралы сұрақтарыңызға қысқаша жауап беруді жөн көрдік. Мемлекеттiк бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызға дейiн жарияланады. Бұл туралы Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссиясының отырысында ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев мәлiм еттi.

Грант иегерлерінің тізімі толық анықталып біте сала kazbilim.kz порталы жариялайтын болады. 2014 жылғы 2-8 маусым аралығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 87 593 (95,1%) түлек қатысты. Тестілеу бүкіл республика бойынша 155 пунктте өткізілді. Ең жоғары 125 баллды төрт түлек иеленді. 100 баллдан жоғары көрсеткішке 13 137 түлек қол жеткізген. 2014 жылғы орта балл 76,9-ды құраған. Ал, ең төменгі 50 баллды 20 236 (23,1 %) бала жинай алмады. Ал, кешенді тестілеу 19-22 шілде аралығында 42 тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары), оның ішінде 3 ұлттық өнерге қатысты ЖОО және 3 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО-да өткізіді.

Кешенді тестілеуге өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері мен техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының түлектері және ҰБТ-ға қатыспаған шетел оқушылары мен халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған жалпы білім беретін мектептердің түлектері қатысты. Сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің түлектері мен республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, шетелде оқу орнын аяқтаған түлектер де тестілеудің осы түрі бойынша сынақтан өтті. Кешенді тестілеу кезінде ең жоғары 100 баллға 9 талапкер қол жеткізді. Жалпы осы жылы орташа балл 44.9% құрады. 50 балл шекті деңгейге 56 019 (66,303 %) түлек қол жеткізе алмады. Кешенді тест тапсырғандарда алдағы күндері өздері қалаған мамандықтарын таңдайтын болады,. Ескерте кетейік, білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін кем дегенде 50 балл және Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін кемінде 70 балл, соның ішінде бейіндік пән бойынша 7, ал, қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет. Гранттар ҰБТ мен АКТ сертификаттарының баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

«Жалпы 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысқа 34 115 бiлiм гранты бөлiндi», – дейдi министрлiктің баспасөз қызметі. Министрлiктiң мәлiметi бойынша, 12 мың орын техникалық ғылым және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңнан астам грант – педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға бөлiнiп отыр.

Мемлекеттiк бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмiн бекіту жөніндегі комиссияның ақпаратына қарағанда биылғы оқу жылына бөлінген гранттарды бөлу кезінде игерілмей қалған гранттарды жақын немесе салалық мамандықтарға бөлу жоспарланған. Атап айтқанда, Қыздар педагогикалық институтының дене шынықтыру мамандығы бойынша білім гранттары, Қостанай педагогикалық институтының кейбір білім гранттары басқа мамандықтарға берілетін болды. Комиссияның осылай шешім шығаруына аталған оқу орындарында бұл мамандықтарға талапкерлердің сұраныс болмаған. Сондықтан бұл гранттар сұранысы жоғары мамандықтарға бөлініп, грантқа үміткерлер үшін жаңа мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, сырттай оқу бөлімі мен қысқартылған оқу бөліміндегі сұраныс болмаған гранттар да сұраныс көп болған жақын мамандықтарға берілмек. Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта комиссия отырысында барлығы 34 165 грант орнына үміткерлердің өтініштері қаралуда. Нақты қорытындысы алдағы 10 тамызға дейін жарияланатын болады. Біз нақты қорытынды шыға сала сіздер асыға күткен тізімді жариялайтын боламыз. Әр күні қапы қалмай kazbilim.kz сайтын қадағалап отырыңыздар. Біз де сіздердің қуаныштарыңызға ортақтаса отырып, жағымды жаңалықты алдымен жариялайтын боламыз.

Барша өзінің білімінің биік өресін дәлелдеген 2014 жылғы үміткерлеріне сәттілік тілейміз, армандаған гранттарыңызға ие болып, студент атаныңыздар!!!

Құрметпен: қазбілім редакциясы Kazbilim.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім грантын бөлетін болады

    Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім грантын бөлетін болады

    ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі. Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. «Қабылданған заң аясында ҚР Білім

  • Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

    Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында плагиатпен күрес шаралары туралы түсінік берді. Академиялық адалдық, плагиат мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша да министрлік тиісті шешім қабылдауда. Turnitin деген ең үздік 15 мың университет қолданатын антиплагиаттық жүйе бар. Сол жүйеге біз биыл ұлттық жазылып, қолданудамыз. Біз нормативтік құжаттарға өгерістер енгіздік. Енді барлық курстық, дипломдық

5 комментариев

  1. айша

    неге ертерек аныктамаска

  2. айша

    менин пикиримше талапкерлерге унайтын мамандыктар ол юрист, экономист. бухгалтер мамандыктары

  3. Салеметсиздерме? Есимим бар болса миндетти турде жауап жазыныздаршы,отинемин жауап кутемин, сыйлыгым дайын ♡♡♡

  4. Данияр Мырзакасым

    кашан белгили болады

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog