|  | 

Жаңалық

Вице-министр білім саласындағы өзекті бағыттарды атады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова бүгінде ведомство алдында тұрған негізгі мақсаттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, «ЖОО-мемлекет-бизнес» форматының өзара іс-қимылын дамытуға қатысты. Бұл формат Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруға негізделген. Осы арқылы біз қазақстандық жоғары мектептің экспорттық әлеуетін нығайтуды, шетел студенттері үшін ЖОО тартымдылығын көтеруді еңсереміз. Бұл мақсатты шешу кезінде барлық ресурстарды жұмылдыру керек, оның ішінде мемлекеттік органдар да қамтылуы тиіс. Себебі қазақстандық білім беру сапасы  еліміз экономикасының бәсекеге қабілеттігіне тікелей байланысты. Осы орайда бизнес-серіктестерді тарту қажет. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың басшыларын біздің ЖОО-ларға қолдау көрсетуін сұраймын», — деді Ф. Жақыпова елордадағы «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім» атты ІІІ халықаралық форумында.

Оның сөзіне қарағанда, еңбек нарығында дайындалған әрі сұранысқа ие мамандар мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Соңғы кездері бұл тақырып жиі талқыланып келеді.

«Біз бизнес-қоғамдастықты осы мәселеде авангард болуға шақырамыз. Сіздердің бастамаларыңызбен  жаңа білім беру бағдарламалары әзірленуі тиіс»,  — деді вице-министр.

Мұнымен қоса ол ЖОО-ларда құрылатын технопарктер мен бизнес-инкубаторлар нәтижеге жұмыс істеуі тиіс екенін, осы салада ректорлар белсенді болуы керектігін атап өтті. Бұл ретте сұранысқа ие ғылыми зерттеулер жүргізіліп, экономикаға қажетті жаңа технологиялардың құрылуы маңызды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім» атты ІІІ халықаралық форум өз жұмысын бастады.

Форумның мақсаты — кәсіпкерлік білім беру саласында оқыту мен тәжірибе алмасу үшін ашық сараптамалық пікірталасқа аудиторияны тарту. Онда мамандар осы сектордағы білім беру бағдарламаларының үздік тәжірибелері мен трендтері туралы әңгімелейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Бюджет қаржысын жымқырған Доссор мектеп-интернатының директоры сотталды

    Бюджет қаржысын жымқырған Доссор мектеп-интернатының директоры сотталды

    Атырау облысындағы Доссор мектеп-интернатының директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Қазбілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернатының директоры Б.Бұйрашева, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор орынбасары Г.Күбиева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Б.Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. «Олар бюджет қаражатын жымқырды деген

  • Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

    Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

    ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпова қызметінен кететіні жайлы жазған болатынбыз. Еске салсақ, бұған дейін Фатима Жақыпова ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog