|  | 

Білім жарысы

Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды.

Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай оқу сауаттылығы басым бағыт болды.

PISA тесті оқушылардың академиялық білімдерін анықтауға емес, функционалдық сауаттылықтарын анықтауға, яғни, алған білімдерін қолдана білуге, талдауға, сыни ойлауға бағытталған.

Сонымен, Қазақстанның нәтижелеріне келсек.
Елдің PISA-2018-дегі оқу сауаттылығы бойынша орташа балы 387, математикадан 423 балды және жаратылыстану ғылымы бойынша 397 балды құрады. Бұл өзіміз күткен көрсеткіштер екенін бірден мәлімдеймін және олар ЭЫДҰ бойынша орташа балдан төмен (ЭЫДҰ бойынша оқу – 487, математика – 489 және жаратылыстану – 489). Біздің PISA-2009 және 2012-дегі нәтижелерімізбен салыстырғанда төмендеу байқалады. Нәтижелеріміз PISA-2009-дағыдан оқу және жаратылыстану бойынша 3 балға төмендесе, математикадан, айтарлықтай, 18 балға жақсарған. Соңғы рет оқу сауаттылығы PISA-2009-да негізгі басым бағыт болғандықтан, салыстыруды осы зерттеу циклімен жүргіземіз.

Балаларымыздың нәтижелерінің төмендігіне қарамастан, асығыс қорытынды жасамауға шақырамын, себебі, бұл нәтижелердің артында бірнеше фактор тұр.

Біріншіден, тест Қазақстан үшін алғаш рет компьютерлік форматта өтті. Біздің балалар үшін бұл — алғашқы тәжірибе. Тестте өткен сұрақтарға кері қайту мүмкіндігі болмағанын да ескерген жөн. Қалыптасқан әдет бойынша оқушылар қиын сұрақтарға қайта оралуға немесе өз жауаптарын қайта қарауға үйренген. Мұнда, қағаздағы нұсқамен салыстырғанда, олай жасай алмайды. Егер PISA-2015-тің нәтижелеріне қарасақ, онда 57 қатысушы ел алғаш рет компьютерде тест тапсырып, нәтижесінде көптеген елдің балы төмендегенін көруге болады. Мысалы, PISA зерттеуі көшбасшыларының бірі Кореяның нәтижелері математика бойынша 30, жаратылыстану бойынша 22 және оқудан 18 балға төмендеген.

Екіншіден, PISA-дағы нәтижелерді жақсарта алатын біздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер 15 жастағы білім алушыларға әлі де әсерін тигізбеді (2002 жылғы балалар). Өйткені, PISA-2018 қатысушылары – жаңартылған білім беру мазмұнына көшпегендер. Жаңартылған бағдарламалардың әсерін біз PISA-2021-ден бастап көре аламыз, ал ең дұрысы – PISA-2024. Осы уақыт аралығында PISA-2024 тапсыратын білім алушылар жаңартылған білім мазмұн бойынша 7-8 жыл оқып үлгереді.

Үшіншіден, зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың негізгі бөлігін 9 (44%) және 10-сынып (53,4%) оқушылары құрады. Басқа елдерде мектепке қабылдау жасы нақты бекітілгендіктен, тиісінше, PISA қатысушыларының көпшілігі бір параллельден болды. Мысалы, Жапония (100%) және Сингапур (90%) елдерінен қатысушылар 10-сынып оқушылары болып табылады.

Төртіншіден, НЗМ нәтижелері білім беру бағдарламаларының тиімділігін көрсетті. НЗМ оқушыларының нәтижелері оқу сауаттылығынан 511 балды, математикадан 554 және жаратылыстанудан 526 балды құрады. Олардың көрсеткіштері PISA-2018-дегі көшбасшы елдердің нәтижелеріне сәйкес.

Бұл PISA-2018 қорытындысы бойынша алынған үлкен талдау материалының бір бөлігі ғана екенін атап өткім келеді. Бірақ, қойылған міндеттерді шешу үшін қазірден бастап кешенді тәсілдерді қарастырып, саналы түрде қатысуымыз қажет.

Деректерге негізделген түйінді қорытындылар толық талдаудан кейін ғана жасалады.

Нәтижелер мектептегі білімге өзгерістер қажет пе деген сұраққа тағы бір мәрте оң жауап берді.
Келесі зерттеу 2016 жылдан бастап енгізілген оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша таңдалған стратегия тиімді ме деген сұраққа жауап бере алады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды Қазбілім primeminister.kz сілтеме жасап. ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №868 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын берілді. Айта кетерлігі, сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жастарға беріледі. «Эстрада» номинациясы бойынша Әділхан Құрманғалиұлы Макин — Қазақстан Республикасының Мәдениет

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog