|  | 

Жаңалық

Білім министрі оқушылардың еден жууына қатысты пікір білдірді

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  мектепте оқушылардың сынып еденін жууы бастамасына қатысты пікір білдірді.

«Ең алдымен мұндай мәселе Білім және ғылым министрлігінің күн тәртбінде тұрған жоқ. Екіншіден,  бүгінгі күні ел ауқымында жүзеге асырылмайды. Үшіншіден, мектеп бюджетінде тиісті қаражат пен әкімшілік-техникалық қызметкер штаты қарастырылған. Төртіншіден, мұндай жұмыстарға оқушылардың бастамасымен және ата-аналардың келісімімен ғана рұқсат етіледі», — деді министр БАҚ өкілдеріне.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда мәжбүрлі жұмысқа тиісті органдар ғана тарта алады.

«Әрине, еңбекке баулу мектептегі оқу-тәрбие жұмысының өте маңызды бөлігі екендігі сөзсіз. Мектеп те, отбасы да еңбекке баулуы тиіс. Сондықтан мұндай жұмыс жүргізіледі және мектептерде түрлі шаралар арқылы жүзеге асырылады. Осы шаралар арқылы ғана бірден еңбекке деген сүйіспеншілік оятуға болады деп ойлау жөн емес. Дегенмен, бұл да маңызды мәселе», — деді ол.

Асхат Аймағамбетовтің атап өтуінше, ата-аналар үйлерінде балаларына ыдыс-аяқ, еден жуғызу, үй жинау сынды  жұмыстарға араластырып отыруы қажет.

«Бұл балаларды кішкентай кезінен тәрбиелеудің қарапайым  ғана дүниесі. Толықтай алғанда, өте дұрыс мәселе көтеріліп отыр деп есептейміз. Дегенмен, оны науқаншылдыққа айналдырып жібермеу керек. Бұл ретте ата-аналар мен балалардың бастамасы болуы тиіс», — деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Елордада мектеп директорлары кәсібінен тыс міндеттерден арылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. Әкімнің айтуынша, мектепті компьютермен, өзге қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс мәселелері – мемлекеттің міндеті. «Мектеп директорларының міндеті – балаларды оқыту сынды зияткерлік бөлік болуы тиіс. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Біздің директорлар мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр. Мұғалімдермен кездесуде «Мектеп

  • Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді қолдау керектігін ескертті. Мұғалім — білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі — осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Осы мәселеге байланысты Президент Білім және ғылым

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog