|  | 

Жаңалық

Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру үрдісі туралы түсініктеме берді.

Қанатқақты жобаның мақсаты тиісті нәтиже алуға негізделген. Қазіргі кезде Мәдениет министрлігіне осы бағытта пысықтау шараларын жүргізу туралы тапсырма берілді. Яғни ережелер бекітілгеннен кейін, біз қажетті жұмыстарды іске асырамыз», — деп тоқталды министр.

Осы орайда латын графикасындағы жаңа әліпбиге көшу процесі ұзақ екенін атап өтті.

«Бүгінде бұл бағытта тиісті жетілдіру жұмыстарын жүргізу туралы Президенттің тапсырмасы бар. Әзірге, жан-жақты пысықталған әрі бекітілген нұсқасы жоқ, сондықтан 2020 жылы мектепте латын графикасындағы әліпбимен оқытылады деп айта алмаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті уақытты қажет етеді. Алдымен ережелерді бекіту керек, кейіннен қанатқақты жоба жүргізіледі. Тек осыдан кейін ғана біз қажетті дайындықты жүргіземіз. Осы шаралар атқарылғаннан соң, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар әзірленеді», — деді Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

    Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен Түркістан облысы халқы!  4 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан нәтижелі білім ордасы Республикалық «QAZBILIM» орталығының Шымкент қаласы бөлімшесі ашылады. Алғаш 2013 жылы наурызда ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосу мақсатында «Қазбілім» порталын (kazbilim.kz) ақпараттық, сараптамалық сайты негізінде, 2016 жылы ақпан айында ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде өз

  • Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

    Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

    Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазіргі таңда елорда меткептерінде 185 мың бала оқиды. «Көктемде 9 мың бала мектепті аяқтаса, қыркүйек айында 22 мың бала бірінші сыныпқа келді. Ал 14 мектептегі оқушылар шамадан артық болып отыр. Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы бес мың орынға 6 мектеп салынды. Осы арқылы үш ауысымда оқитын үш мектептің мәселесі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog