|  | 

Жаңалық

Білім министрі баланы алты жасынан мектепке қабылдауға қатысты пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды 6 жасынан мектепке қабылдау тәртібіне қатысты түсінік берді,

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров балаларды 6 жастан
мектепке қабылдауға қатысты министрге үндеу жолдаған еді. «Омбудсменнің үндеу хатына тоқталсақ, бұл
ақпаратты жаңалықтардан оқыдым. Менің ойымша, біз бұл үндеуді ресми түрде қарастырып, белгіленген тәртіпте жауабын береміз. Өздеріңіз білесіздер, үш жыл бұрын бұл норма қабылданып, заңға енгізілді. Сондықтан бұл норма жаңалық емес. Сонымен қатар, айыппұл салынады дегенді нақтылай алмаймын, яғни балалар алты жасынан мектепке бармағаны үшін бізде айыппұл қарастырылмаған», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы еліміз бойынша бірінші сыныпқа 320 мың бүлдіршін барып, оның ішінде 60 пайызы алты жаста болған. «Өткен жылы да 6 жасынан мектеп табалдырығын аттаған бала санына талдау жүргіздік, олардың 80 пайызға жуығы алты жасында оқушы атанды. ЮНЕСКО мәліметі бойынша әлемнің 134 елінде алты жастан мектепке барады. Әрине, балалардың дербес ерекшеліктері бар
және осыны біз ескеруіміз керек», — деді А. Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Ақмола облысында сынама ҰБТ кезінде оқушының телефонды пайдаланғаны анықталды. «Ақмола облысында ҰБТ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, сондай-ақ Степногорск және Есіл қалаларының мектептерінің базасында өткізіледі», -делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасында. Айта кету керек, барлық аудиториялар мобильді құрылғылардың байланысын сөндіргіштермен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бақылаушылар тестілеу процесін тестілеу

  • Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазбілім порталы Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілуде. «ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog