|  | 

Жаңалық

Білім министрлігі талапкерлер арасында танымал ЖОО-ларды атады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қандай жоғары оқу орындары талапкерлер арасында сұраныс ие екендігін айтып берді.

«Бұл ретте, дәстүрлі түрде ұлттық университеттер жоғары сұранысқа ие. Осы орайда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін атап өткен жөн. Сонымен қатар, өңірлердегі ірі жоғары оқу орындарына тапсырған жастардың қарасы қалың. Яғни М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бар», — деді вице-министр елордада өткен брифингте.

Мұнымен қоса, биыл тағы бірнеше университет танымал болған. «Биыл алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық ІТ-универсетет өз есігін ашты. Бұл жоғары оқу орнына айтарлықтай жоғары сұраныс болды. Қазақстан-Британ техникалық универтитіне де сұраныс артты. Ал техникалық
бағыттағы ұлттық университтер арасында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін атап өтуге болады», — деді Ф. Жақыпова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

    БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

    Батыс Қазақстан облысында мұғалімді жұмысқа қабылдау үшін пара алған мектеп директорына үкім шықты, бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады. БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Теректі аудандық соты пара алған мектеп директорына ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес үкім шығарды. Сотталушыға параның 30 еселенген мөлшерінде, яғни 9 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол өмір бойына

  • Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

    Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

    Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімсіз 1,7 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап Қазбілім хабарлайды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері негізінде демография мен еңбек нарығына талдау жасады. Нәтижесінде, 2019 жылғы 3-ші тоқсанда Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылған, яғни ресми экономикада тіркелген, 3,35 миллион

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog