|  | 

Жаңалық

Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі

2019 жылдың соңына дейін Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Жалпы саны 500 мектеп тұрғызу жоспарланған. Оның ішінде 100-ден астам мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен салынады», — деді Асқар Мамин.

Одан бөлек, мемлекеттік жеке кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша
ашылады. 2021 жылы мектептерде, колледждер мен ЖОО толығымен жаңа оқыту бағдарламаларына көшеді.

«Сонымен бірге, шағын мектептерде білім беру сапасын жақсартуға, ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты жоюға ерекше көңіл бөлінеді, — деп түсіндірді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы техникалық білім беруді экономика қажеттіліктеріне бағыттау үшін колледждерді
трансформациялау және жұмыс берушілердің сенімгерлік басқаруына беру жұмыстары басталды.

«Еліміздің 390 колледжіне халықаралық WorldSkills стандарттары мен модульдік бағдарламалары енгізіледі. Колледждер жүйесін нарық талабына қарай оңтайландыру басталады. Жатақхана орнымен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың соңына қарай 75 мың орын қолданысқа беріледі, оның 8 мыңы биыл беріледі», — деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ, Премьер ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін ғылымды қаржыландыру мен
басқарудың жаңартылған жүйесі енгізілетінін жеткізді. Бұл жүйе бөлінетін қаражаттың ашықтығын және тиімділігін көрсетпек.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Ақмола облысында сынама ҰБТ кезінде оқушының телефонды пайдаланғаны анықталды. «Ақмола облысында ҰБТ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, сондай-ақ Степногорск және Есіл қалаларының мектептерінің базасында өткізіледі», -делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасында. Айта кету керек, барлық аудиториялар мобильді құрылғылардың байланысын сөндіргіштермен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бақылаушылар тестілеу процесін тестілеу

  • Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазбілім порталы Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілуде. «ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog