|  | 

Ұстаз үні

Білім және ғылым министрі оқушының хатына жауап қайтарды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алматылық оқушы Нұрбақыт Ғалымжанның хатына жауап берді. «Нұрбақыт, сенің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатыңды оқыдым. Мемлекет басшысы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын ұсынды және бізге – мемлекеттік қызметшілерге өзекті сұрақтарға дер кезінде жауап беруді тапсырды. Сенің пікіріңді бағалаймын, бірақ менің мойныма еліміздің барлық оқушылары үшін жауапкершілік артылған. Білім министрлігінің жұмысы сенің және достарыңның білімді азамат болып өсуіне, Қазақстанның дамуына үлес қосуға бағытталған», — деп жазды министр Facebook желісіндегі ресми парақшасына.

Министр мектеп бағдарламасындағы барлық пәннің маңызды екенін атап өтті.

«Бір пәнді оқу үшін екінші пәнді білу қажет. «Жаратылыстану» — өте қызықты пән, ол сені қоршаған ортамен таныстырады. Ал «Өлкетану» өзің туып-өскен аймақтың тарихын баяндайды. Сәл тырыссаң, оқу жылының соңына дейін осы пәндерден жақсы нәтиже көрсетеріңе сенімдімін. Каникулға келсек, сен оқитын мектеп бағдарламасы каникул күндері жеткілікті болатындай, келесі тоқсанға дейін демала алатындай етіп құрылған», — деді А. Аймағамбетов.

Сонымен бірге, оқушылар баратын спорттық үйірмелер мен орталықтардың саны артады.

«Сенің спортқа деген талпынысыңды қолдаймын. Қазір сенің қалаңда спорттық үйірмелер жұмыс істейді, біз олардың санын көбейтіп жатырмыз. Одан бөлек, Алматыда Оқушылар сарайы, Оқушылар үйі бар, мұндай сарайларды да көптеп тұрғызамыз. Сен секілді балалар спортқа қызығушылығын жоғалтпауы үшін, спорттық, шығармашылық, көркем үйірмелермен қамтылуы үшін олардың жұмысын жетілдіреміз. Нұрбақыт, бәлкім сен чемпион немесе танымал ғалым боларсың. Бірақ, ең бастысы – жақсы адам және еліміздің лайықты азаматы болып ер жетуіңе тілектеспін», — деп лебіз білдірді министр.

Айта кетейік, Алматы қаласы №138 гимназияның 4-сынып оқушысы Нұрбақыт Ғалымжан Президентке хат жазған болатын. Онда Нұрбақыт каникулдың аздығын және кейбір пәндердің қызық еместігін сынаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Айымгүл Тіржанова: “Жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылуда

    Айымгүл Тіржанова: “Жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылуда

    Қазіргі жаһандану дəуіріндегі, ақпараттың дамыған ғасырындағы түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Осы орайда Елбасының 2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмасын, сонымен бірге «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-тармағын іске асыру шеңберінде Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған

  • Мектеп реформасына деген талап пен сұраныс баланың психологиясына қай деңгейде әсер етуде?

    Мектеп реформасына деген талап пен сұраныс баланың психологиясына қай деңгейде әсер етуде?

    11 жыл бойы бір-бірін суқаны сүймеген сыныптастардың 18 жылдан соң жолыққанда ашылған сыры. Сыныптастар сыры Соңғы жылдары мектеп реформасына деген талап пен сұраныс сан-қилы шарттармен толықтырылып, ұстаздардың санасын шарқ ұрдырды. Дұрыс делік. Бірақ, ең маңызды мәселе – бала жанына не қажеттілігін ескереміз бе? Ақ пен Қара секілді «үздік» пен «орташа», «нашар» ұғымын еңгізген мектеп қабырғасынан

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog