|  | 

Жаңалық

Білім және ғылым министрі оқулықтың бағасы қымбат екенін мойындады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық бағасының қымбат екенін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен оқулық бағасына арнайы талдау жүргіздім. Бізде бастауыш сыныптар базалық оқулық пайдаланады. Негізгі және жоғары сыныптарға арналған балама оқулықтар бар. Екеуінің бағасын салыстырдым. Базалық
оқулықтарды басуға белгілі бір баспалар мүмкіндік алып отырған. Сәйкесінше, бағасы жоғары болған. Ал баламасы бар оқулықтарды 4-5 баспа шығарған. Бұл жерде мектептер өзіне тиімдісін таңдай алады. Осы бәсеке оқулық бағасына да әсер еткен. Яғни, базалық оқулықтар баламасы бар оқулықтарға қарағанда қымбат екенін көреміз», — деген министр қазіргі бағаға көңілі толмайтынын жеткізді.

«Оқулық бағасы бойынша министрліктің ұстанымы айқын. Оны есептеп шықтық. Қаламақы төлеу керектігін, бұл бизнес екенін түсінеміз. Сонда да, оқулық бағасы қазіргідей қымбат болмауы керек. Біз пікір алмасулар арқылы осыған көздерін жеткізуіміз керек. Яғни, баға саясатында министрлік сырт қалмауы керек. Бізде бұған дейін А4 қалыпты және одан да көлемді оқулықтар болды. Енді елестетіп көріңіздер, бірінші сынып оқушысы отыр дейік. Олардың парталары шағын болады. Қасында парталасы отыр. Жаңағы көлемді оқулықтар партаға сыймай, баланы әуреге түсіреді. Бір қарағанда бұл ұсақ-түйек мәселе сияқты. Бірақ баланың білім алуында рөлі орасан. Мұның бәрінің артында білім беру сапасы мен тиімділігі тұр. Жалпы бүгінгі оқулықтардың жағдайына көңілі толмайды», — деді ол.

Асхат Аймағамбетов оқулық шығару жүйесіне өзгеріс енгізілетінін атады. «Салада жүйелі мәселелер бар. Оқулық дайындау, оның сапасын сараптау, іріктеу жүйесіне өзгеріс енгізетін боламыз. Сондықтан, ендігі оқулық басу кезеңінде мен барлық баспаларға осы айтылған мәселелерді ескеруді тапсырамын. Мұндай бассыздықтарға жол беріп қоя алмаймыз. Нақты шешімдер қабылдап, жүйелі жұмыс жүргізетін кез жетті», — деп түйіндеді министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған

    Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған

    Байқоңыр қаласындағы білім мекемелері құрамында сынабы бар қауіпті қалдықтарды мектеп ғимаратында заңсыз сақтаған. Осылайша 8 049 оқушы мен 1307 қызметкердің денсаулығына қауіп төндірген. Байқоңыр қаласы прокуратурасы өз қадағалау аумағындағы білім ұйымдарының қауіпті қалдықтарды жою заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізген болатын. Талдау барысында бірқатар білім мекемелерінде құрамында сынабы бар 2530 дана люминесцентті шамның біршама уақыттан бері жойылмай,

  • Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Елордада мектеп директорлары кәсібінен тыс міндеттерден арылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. Әкімнің айтуынша, мектепті компьютермен, өзге қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс мәселелері – мемлекеттің міндеті. «Мектеп директорларының міндеті – балаларды оқыту сынды зияткерлік бөлік болуы тиіс. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Біздің директорлар мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр. Мұғалімдермен кездесуде «Мектеп

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog