|  | 

Жаңалық

Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді

2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында білім және ғылым жүйесін дамытуға 2 трлн теңге бөлінеді.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті.

«Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 570,0 млрд теңге көзделген. 2020 жылы білім беру саласындағы 230 млрд теңге сомасындағы бюджеттің негізгі шығыстары экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті мамандарды даярлауға бағытталған», — деді Б. Шолпанқұлов.

Тұңғыш Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленді, оны іске асыруға бюджетте 453,5 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылға 94,6 млрд теңге қарастырылған.

«2020 жылдан бастап орта білім беруді жан басына шаққанда қаржыландыруды толық ауқымды енгізуді жүзеге асыру жоспарлануда. Үш жылдық кезеңде оны іске асыруға 224 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылға 54,5 млрд. теңге көзделген», — деді бірінші вице-министр.

2022 жылдың соңына дейін жаңа студенттік жатақханалар құрылысын қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет жобасында үш жылдық кезеңге 75 мың орындық, оның ішінде 2020 жылы 20 мың орындық жатақхананы іске қосу бойынша шығыстар жоспарланып отыр.

Президент үш ауысымды оқытуды шешу және 2022 жылдың соңына дейін апатты мектептерді жою міндетін қойды. Осы мақсаттарға 286,8 млрд теңге сомасында шығыстар, оның ішінде 2020 жылы 87,1 млрд теңге жергілікті бюджеттер базасына берілді.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Елордада мектеп директорлары кәсібінен тыс міндеттерден арылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. Әкімнің айтуынша, мектепті компьютермен, өзге қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс мәселелері – мемлекеттің міндеті. «Мектеп директорларының міндеті – балаларды оқыту сынды зияткерлік бөлік болуы тиіс. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Біздің директорлар мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр. Мұғалімдермен кездесуде «Мектеп

  • Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді қолдау керектігін ескертті. Мұғалім — білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі — осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Осы мәселеге байланысты Президент Білім және ғылым

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog