|  | 

Керекті кеңес

Бердібек Сапарбаев: Білім сапасына көбірек көңіл бөлу керек

Маңғыстау өңіріне іс-сапармен келген Бердібек Сапарбаев медициналық сала мен білім саласының қызметкерлерімен кездесті.

Бердібек Машбекұлы жуырда ғана Фариза Оңғарсынованың есімі берілген 29-мектепте бір топ ұстаздармен жүздесіп, саладағы жаңалықтармен бөлісті.

Қазіргі таңда білім саласына көңіл толмайтынын айтып, жуырда ғана халықаралық агенттік тарапынан жасалған сауалнама қортындысын айтып берді.

«БАҚ беттерінде жарияланды. Халықаралық агенттік талдау жасаған екен: Қазақстан соңынан санағанда 2-ші орында. Соңғы Грузия тұр. Егер біздің балларымыз Америка, Еуропа сияқты алпауыттардан қалмай білім алғанын қаласақ, білім сапасын арттыру керек. Мәселен, күнделікке байланысты. Интернеттің жылдамдығы нашар ма, қолмен толтыру керек. Оқулық мәселесі де айтылған болар. Министрлікте біраз шаруа бар деп. Оқулықпен жұмыс істейтін адам оқулық шығаруға қатысу керек. Аудару жұмыстарына да»,-деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, медицина саласының қызметкерлерімен кездескен Бердібек Машбекұлы өңірде кадрлармен қамтамасыз ету маңызды болып тұрғанын айтты.

«Қазіргі таңда 200-ге жуық маман жетіспейді. Жетіспей тұрған мамандарға қаржы беріп, үй беріп, өңірге тарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық елді-мекендерде медициналық нысан салу керек. Аудан орталықтарында мрт құрылғылары болу қажет»,-деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек

    Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек

    Қазақстанда орта мектептерде білім алатын 300 мың оқушының компьютері жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ауылдағы мектептердің көбінде интернет жоқ десек, ол тек ауылдағы мектептерге қатысты мәселе емес. Біздің кейбір үлкен немесе шағын қалалардың өзінде жалпы техникалық мүмкіндік болғанның өзінде біраз оқушыларымыздың үйлерінде мүлдем компьютер жоқ.

  • Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың 4 бағытын атады

    Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың 4 бағытын атады

    Қазақстанда мектептерде білім беру 4 бағытта жүргізілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Қашықтан оқытуға келер болсақ, ауыл мектептеріне және шалғайдағы шағын жинақты мектептерде оқитын балаларға қиын болады. Сондықтан ең басты назарды осы мәселеге аударып, тиісті жұмысты бастап кеттік. Жұмыс жалпы қалай жүргізіледі деген сауалға жауап

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog