|  | 

Жаңалық

Барлық мектеп 1 қыркүйекке дайын болуы керек – Үкімет басшысы

Барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керек. Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге осындай міндет жүктеді.

«1 қыркүйекке дейін аз уақыт қалды. Өздеріңіз көріп отырғандай, шешілуі тиіс шұғыл шаруалар бар. Барлық білім беру ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Барлық мектептердің 85 пайызы ғана жаңа оқу жылын бастауға дайын. Әкімдерге қойылатын міндет – барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керек», — деді Үкімет басшысы бүгінгі отырыста.

Премьер-министр өз сөзінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысына оқулықтарды жеткізу мерзімі кешіктіріліп отырғанын ескертті.

«Қаржы уақытында бөлінбегендіктен Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қызылорда облыстарында оқулықтар қажетті дәрежеде қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Осы мәселені бақылауға алу керек. Балаларды мектепке тасымалдау мен ыстық тамақ беру мәселесі толық шешілмеген.

Басты мәселе – көліктің жетіспеуі. Әсіресе, Түркістан мен СҚО-да. Шамамен 360 мектепте тиісті санаттағы отбасылардың оқушыларын тамақтандыру ұйымдастырылмаған. Өңір әкімдері осы мәселені шешуі керек. Гүлшара Наушақызы (Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова – авт), бұл мәселені назарға алыңыз», — деді Асқар Мамин.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған

    Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған

    Байқоңыр қаласындағы білім мекемелері құрамында сынабы бар қауіпті қалдықтарды мектеп ғимаратында заңсыз сақтаған. Осылайша 8 049 оқушы мен 1307 қызметкердің денсаулығына қауіп төндірген. Байқоңыр қаласы прокуратурасы өз қадағалау аумағындағы білім ұйымдарының қауіпті қалдықтарды жою заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізген болатын. Талдау барысында бірқатар білім мекемелерінде құрамында сынабы бар 2530 дана люминесцентті шамның біршама уақыттан бері жойылмай,

  • Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Елордада мектеп директорлары кәсібінен тыс міндеттерден арылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. Әкімнің айтуынша, мектепті компьютермен, өзге қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс мәселелері – мемлекеттің міндеті. «Мектеп директорларының міндеті – балаларды оқыту сынды зияткерлік бөлік болуы тиіс. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Біздің директорлар мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр. Мұғалімдермен кездесуде «Мектеп

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog