|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Балаңызға ОЙЫНШЫҚ арқылы АДАМДАРДЫ жақсы көруді үйретіңіз! ҚАЛАЙ?

Әр ата-ананың бала тәрбиелеуде өзіндік ерекше бір әдіс-тәсілі болуы керек. Сондай ата-ананың перзенті есейгенде өзге балалардан ұнамды мінезімен, жақсы тәрбиесімен дараланып тұратын болады.

Бұған ертеректе кейбір ата-ананың ұлын данышпан ұстаздардан тәлім алуға жіберетінін мысал ете аламыз. Ал, данышпан ұстаз балаларды қалай тәрбиелеген? Әрине, тәжірибемен, іс-әрекетпен, белгілі бір жағдайды сабақ етумен! Неге ата-ана еретеректегі ұстаздардың осы бір әдіс-тәсілін қолданбасқа?!

МЫСАЛ: Ертеде бір дана шебер өмір сүріпті. Оның қолынан шыққан дүниелер көрсе көз тойғысыз өнер туындылары екен. Ауылдың барлық баласы оның үйін айналшықтап шықпайды.

Бұл қарт қолымен жасаған бұйымдарды ойыншық ретінде балаларға таратады екен. Бірақ, бір жаманы – оның ойыншықтары өте нәзік балып келеді. Онымен бала абайлап, ұқыпты ойнамаса ойыншық тез сынады. Нәзік материалдан жасалған ойыншықты қалпына келтіру қиын. Ойыншығын сындырып алған балаға шебер екінші рет басқа ойыншық береді. Бірақ бұл жолғысы алдыңғысынан да осал әрі жіңішке немесе жұқа материалдан жасалады. Екінші ойыншығын сындырып алған балаға үшінші рет ойыншық берілмейді.

Шебердің бұл әрекеті ата-аналардың ашуын тудырады. Олар жиналып әлгі дана кісіге келеді. «Біз сіздің жаман ниетіңіздің жоқ екенін білеміз, ойыншықты тегін беретініңізге де ризамыз. Алайда неге үшінші рет келген баланы ренжітесіз. Баланың көңілін қалдырғанша, одан да мұндай жақсылық жасамай-ақ қойғаныңыз дұрыс еді…» деп шулайды ата-аналар.

Шебер «Бірінші ойыншықты сындырып алған бала келесіде оның қадірін біліп, ойыншықты сындырып алуға тырысуы керек. Мүмкін бала оны түсінбейтін шығар, бірақ үшінші, төртінші рет берілген ойыншыққа ол оңай қол жеткізетін болса, ол ешқашан ойыншықтың қадірін білмейді. Бала кішкентай кезінен өзінен «Неге? Не үшін?» деп сұрақ қойып үйрену үшін, мен екінші ойыншығын да сындырып алған балаға үшінші рет ойыншық бермеймін» деген екен.

Шебердің осы тәсілін сіз қолданып жүрсіз бе? Бұл тәсілді тек кішкентай балаға емес, жасөспірімге де қолдану керек-ақ. Мысалы, сіз оған ұялы телефон әпердіңіз, ал ол ертесіне-ақ жоғалтып алды. Егер, оның көңілін қимай, ұрысқыңыз келмей тағы да телефон сатып әперсеңіз, ол оны да көп ұзамай жоғалтады.

Не істеу керек? Екінші рет сатып әперерде ескерту жасау қажет. Үшінші рет болмайтынын айтыңыз. Сонда бала телефонын жоғалтпауға тырысады.

ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ:

  • Балаңыз қазір бала болғанымен, ертең есейеді. Адамдармен араласады. Кішкентай бала досымен ойыншығын, қолындағы тәттісін бөліссе, ал есейгенде достық, бауырмалдық, мейірім, махаббат секілді сезімдерді бөліседі.
  • Қазір балалар ойыншығы бармен ғана достасса және ойыншығы арқылы дос тапса, ертең ойыншықтың орнын достық, сыйластық, махаббат сезімдері алмастырады. Осы сезімдер арқылы қарым-қатынастар орнатады.
  • Кішкентай кезінде ойыншықты күтіп ұстауды, ұқыптап ойнауды білмеген бала үлкен болғанда нәзік қатынастарды аялай білмейтін болады.
  • Баланың балалық шағының алаңсыз өткенін қалап, ойыншықпен қалағанынша ойнауға жағдай жасау арқылы ештеңін қадірін білмеуге үйретесіз.

 

ҰМЫТПАҢЫЗ: Дүниеге әкелген баланы қажеттіліктермен қамту, бағып-қағу, асырау-жеткізу – ата ана парызы. Ал, өмірлік құндылықтарды ұғындыру, үйрету – ата-ана міндеті. Осы міндетіңізді қай деңгейде орындасаңыз, ертең ұл-қызыңыз да сіздің алдыңыздағы перзенттік міндетін солай атқаратын болады.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Ж. Нұрабайқызы

«ERNUR.KZ»

 

Тағы да оқыңыз:

 

Күйзеліске түспеу үшін қуатыңызды сарқитын мына әдеттерден аулақ болыңыз

Отбасындағы нешінші перзент екендігіңізге қарап мінезіңізді біле аласыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Байырғы бабалардан бүгінге жеткен: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін құнды тәмсіл бар. Осы тәмсілді сәл тәпсірлеп көрсек, яғни баланың отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі мен үйренген өнегесі оның өмірлік ұстанымына айналады. Отбасынан әбес қылық көріп өскен бала үлкейгенде соны жасайды. Бұл талас тудырмайтын мәселе. Дана халқымыз «жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей»

  • Ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелесе…

    Ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелесе…

    Балаға білім беріп, біліктілігін арттыруда түрлі тәсіл ұстануға болатынын ұстаздар қауымы жан-жақты дәлелдеп келеді. Әр алуан әдіснаманы пайдалана отырып, оқушылардың зейінін ашып, зеректігін оятуда. Шетелдік шеберлердің озат ойлары мен жоғары жобаларын мемлекетіміздің мектептеріне енгізіп, сапалы сабақтарын бастап кеткелі де көп болды. Жақында Ұлттық академия­лық кітапханада «Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі» тақырыбында  қалалық 

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog