|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Балаларға қандай сыйлық ұсынған дұрыс?

Балаға ұдайы түрлі сыйлықтар жасап тұрған дұрыс. Бірақ сыйлықты талғаммен және  кез келген баланың жас шамасын ескере отырып таңдағаныңыз абзал. Бүгін біз ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып балаларға қандай сыйлықтар ұсыну керектігі жайлы аз сөз қозғамақпыз.

Ойыншық – баланың рухани азығы. Ойыншықтарды олардың танымдық және тәрбиелік рөлін ескере отырып таңдайды. Бірақ өте қымбат ойыншықтар мен өте көп ойыншық балаларға зиянды, ол тоқмейілсушілік, шектеулік, өзімшілдік секілді нашар қасиеттерді ұялатады.

Екінші бір сыйлық балаға жас кезінен бастап оның түсінуіне жеңіл суретті кітапшалар. Суретті кітапшалар сыйлап, сол арқылы оның бойына кітапқа деген сүйіспеншілік дарытуға, оны күтіп ұстауға үйретуге болады.

Оларға жас кезінен бастап сурет салуға арналған құралдар, бастапқыда қарындаш пен бор, ал одан соң акварель  бояуларын (4-5 жасқа толған соң), сыйлауға болады.

Мектеп оқушыларына жасына сай оқитын ктіап, мектеп жабдықтарын, үстелге қойып ойнайтын ойындар  немесе дойбы, шахмат ойындарына арналған бұйымдарды, велосипедті сыйға тартуға болады.

Есі кіріп қалған бүлдіршінге доп, шаңғы, шана,ролик, бокс қолғабын тарту етсеңіз де пайдалы болмақ.

Балаларға бұлардан басқа сыйлыққа тәтті тағамдар, жемістер және киім-кешектер берген ұнайды. Тіпті екі жасар қыздың өзі әдемі туфлиді, көбелекті, ленталы көйлектерді, алжапқышты бағалай біледі.

Баларға қолыңыз босап жатса ұнататын тағамдарын дайындап беріп, қыдыртуға алып шығыңыз. Мереке күні  хайуанаттар бағына, театрға алып барсаңыз, бала санасында  ерекше әсер қалатындығы анық.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Балаға мойын бұруға мұрша болмаудың баянсыздығы

    Балаға мойын бұруға мұрша болмаудың баянсыздығы

    «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деуші әкелер легі көбейді. Отбасындағы басты құндылық – әке мен бала арасындағы ізгілікке толы қарым-қатынас болуы тиіс екенін бұрынғы өткен аталарымыз түсінген. Қабылдаған. Жүзеге асырған. Біз де санамызбен қабылдаймыз. Іс жүзіне келгенде ше? Балаға балапан кезінде мән бермеген үш әкенің қартайғанда терген жемісі бір-біріне өте ұқсас. Әр-түрлі жолмен жеткенмен, нәтиже бір.

  • Балаңызға ОЙЫНШЫҚ арқылы АДАМДАРДЫ жақсы көруді үйретіңіз! ҚАЛАЙ?

    Балаңызға ОЙЫНШЫҚ арқылы АДАМДАРДЫ жақсы көруді үйретіңіз! ҚАЛАЙ?

    Әр ата-ананың бала тәрбиелеуде өзіндік ерекше бір әдіс-тәсілі болуы керек. Сондай ата-ананың перзенті есейгенде өзге балалардан ұнамды мінезімен, жақсы тәрбиесімен дараланып тұратын болады. Бұған ертеректе кейбір ата-ананың ұлын данышпан ұстаздардан тәлім алуға жіберетінін мысал ете аламыз. Ал, данышпан ұстаз балаларды қалай тәрбиелеген? Әрине, тәжірибемен, іс-әрекетпен, белгілі бір жағдайды сабақ етумен! Неге ата-ана еретеректегі ұстаздардың осы

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog