|  | 

Жаңалық

Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген.

«1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29 трлн теңгеге 565 келісімшарт жасалды. Соның ішінде 565 – жергілікті және 9-ы республикалық жоба. Ең көп жоба білім беру саласында – 276 келісімшарт, денсаулық сақтау саласында – 114 келісімшарт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша – 65 келісімшарт, мәдениет және спорт – 49 келісімшарт», — дейді Тәкиев.

Ол білім беру саласындағы инвестицияның басым бөлігі балабақшаларға салынып жатқанын айтты.

«Егер объективті қарайтын болсақ, төрт жыл бойы бүкіл елде мектепке дейінгі мекемелердің қажеттілігі МЖӘ механизмі арқылы жабылған. Бүгінгі күні МЖӘ механизмі арқылы 29,5 мың орындық 219 балабақша салынған», — дейді вице-министр.

Бек ТӨЛЕУОВ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Ақмола облысында сынама ҰБТ кезінде оқушының телефонды пайдаланғаны анықталды. «Ақмола облысында ҰБТ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, сондай-ақ Степногорск және Есіл қалаларының мектептерінің базасында өткізіледі», -делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасында. Айта кету керек, барлық аудиториялар мобильді құрылғылардың байланысын сөндіргіштермен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бақылаушылар тестілеу процесін тестілеу

  • Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазбілім порталы Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілуде. «ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog