|  | 

Жаңалық

Ақтаудағы мектепте күн станциясы іске қосылды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептерге күн энергиясы» жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Білім ордасында күн станциялары іске қосылды.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күлаш Шамшидинова және «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты.

Енді оқу орнының территориясына орнатылған 320 панель тұтынылатын электр энергиясын 30%-ға дейін үнемдейді. Құрылғы 100 квт/сағ энергия өндіреді.
Күн станцияларының іске қосу құрметі «Шелл Қазақстан» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі бас менеджері Эйден Мерфи мен білім ордасындағы 12-сынып оқушысы, көптеген республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпазы Ғаламмадин Асқарға бұйырды.

-Зияткерлік мектептерде екінші жыл жүзеге асырылатын «Мектептерге күн энергиясы» жобасы біз үшін басымдық болып табылады. Бұл STEM-білім беруді енгізу үшін және ең бастысы, оқушыларымыздың экологиялық мәдениетін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу үшін табысты жоба. Бүгінде орнатылған күн жүйелері мектептердің энергия тұтынуын шамамен төрттен бір бөлікке төмендетуге мүмкіндік береді және бұл жасыл экономиканың жаһандық мәнін дәлелдейтін көрсеткіш, — деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова салтанатты шара барысында.

«Мектептерге күн энергиясы» — «Шелл» әлемдік мұнай-газ брендінің пилоттық жобасы 2018 жылдың 1 желтоқсанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 10 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрагелері» форумында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа таныстырылған болатын. Жоба Энергетика министрлігі, «Шелл» компаниясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлескен меморандумы аясында жүзеге асып отыр.

«Шелл» компаниясынан ең алғашқы күн энергиясын 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алған болатын. Мұнда 100 Квт/сағ қуаты бар фотоэлектрлі панельдері орнатылған көлік тұрағы салынды. Биылғы жылы Орал, Атырау, Алматы қалаларындағы білім ошақтарында осындай күн станциялары орнатылады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ
Маңғыстау облысы 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады

    Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жоғары оқу орындарының оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады. Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында баяндама жасаған вице-министр Мирас Дәуленов қазіргі уақытта 30 ЖОО-да оқытушылардың айлығы 30 пайызға көтерілгенін жеткізді. Десе де олардың орташа жалақысы төмен күйде қалып отыр. «Мектеп мұғалімдерінің айлығынан ЖОО оқытушылардың жалақысы аз. Осыған байланысты ЖОО оқытушылары

  • Өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беріледі

    Өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беріледі

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беру керектігі туралы айтты. «Өңіріміздегі өзге ұлт оқушыларының мемлекеттік тілді білуі үшін талай шаралар қолға алынуда. Алайда осыған дейін қазақ тілін оқыту әдістемесі тым ауыр болғаны рас. Соның салдарынан оқушылардың көбісі тілді дұрыс үйрене алмай қалды. Осыған орай біз оқыту әдістемесін өзгертіп,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog