|  | 

Ахметтің 40 мысалы

Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.

Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен6
Сол көлдің бақасының арасында.

Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», — деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.

Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? — деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» — деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:

«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».

«Қарашы, енді қандай болдым?» — деді, —
Міне, мен жаңа әбден толдым», — деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», — деді.

Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.

Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? Тасисың бірде кеме, бірде салдар, Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын. Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ, Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? Бейнетім менің егер сендей болса, Бір күн де төзбес едім, нақ бұл шыным. Байқасам салыстырып саған қарап, Рақат, ұжмақ менің көрген күнім. Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ,

  • Ахмет Байтұрсы. Үлес

    Ахмет Байтұрсы. Үлес

    Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, Үй салып, ортасынан дүкен ашып, Саудасы жұғымды боп, байып әбден, Шат болып, көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып. «Үй жанып барады!» — деп хабар берді, Жүгіріп келіп біреу түсі қашып. «Жүріңдер, — біреуі айтты, — барайық, — деп, Есепке қайтып келіп салайық», — деп. Айтады

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog