|  | 

Керекті кеңес

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіліне қалай реформа жасады

Қазақ тіліне алғашқы реформаны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы деп айтуға толық негіз бар. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының басшысы Гүлфар Мамырбек осындай пікір білдірді.

«Тілдік реформа деген не? Осы мәселеге тоқтала кеткім келеді. Жалпы, реформа дегеннің өзі – өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Осы латын графикасына көшу жұмыстары басталғаннан бері тілші ғалымдар тарапынан тілдік реформа жүзеге асады деген тіркес өте жиі айтылды. Сонда реформа тіліміздегі сөздерді мүлде басқа сөздермен ауыстырып, төңкеріс жасау ма деген ой туындап жатыр. Әрине, жоқ. Тілдік реформа – біріншіден белгілі бір тілдің графикасына, яғни әліпбиіне, одан кейін, лексикасы мен грамматикасына, сөздік қорына енгізілетін өзгерістер. Екіншіден, мұндай өзгерістер сол тілді жетілдіруге, орфографиясын оңтайландыруға бағытталады. Яғни, тіліміздегі басы артық, жазылым мен оқылымда қиындық тудыратын элементтерден арылу дегенді білдіреді», — деді Гүлфар Мамырбек.

Филология ғылымдарының кандидаты өз сөзінде тілдік реформа аясындағы өзгерістер ең алдымен ресми құжаттар ретінде Үкіметтің және Президенттің Жарлығымен бекітілетінін айтады.

«Тілдік реформа деген әлем елдерінің тәжірибесінде әліппе мен емлені жеңілдетумен, орфографияны оңтайландырумен байланысты болады. Мәселен, Қытайда дәстүрлі иероглифтерді кейін жеңілдетілген иероглифтермен ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Ал чехтар «w» әрпін «v» әрпіне ауыстырды. Міне, осыны екі ұлт реформа ретінде қабылдайды. Кейбір тілдерде архаикалық элементтерден арылу мақсатында жаңадан сөздіктер құрастырылады. Сөздіктердің ауыстырылуы да тілдік реформа ретінде қарастырылып жатады. Тіпті орыс тілінде І Петрдің тұсындағы азбукаға енген өзгерістер, бертінде Ломоносов әзірлеген грамматикамен байланысты еңбектері, 1918-1956 жылдарға дейінгі орыс әліпбиіндегі өзгерістердің барлығын – орыстар реформа аясында тілді дамытып, оңтайландырдық деп біледі», — деді ол.

Гүлфар Мамырбек қазақ халқында да тілдік реформа болғанын еске салды.

«Бізде үш рет болды деп айтуға болады. Ең алғашқысы – халықты сауаттандыру ісін жеңілдетуді, оңтайландыруды қолға алған және сол бағытта ұлттық жазуға деген үлкен реформа жасаған Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Біріншіден, араб графикасын біздің ел VІІІ-ХХ ғасыр аралығында қолданып келді. Ол графикада қазақ тіліне қатысы жоқ басы артық таңбалар өте көп болды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлы осы таңбалардың бәрін тазартты. Екіншіден, орта түркі жазу дәстүрімен жазылған жүйе болды. Ол осы жүйе бойынша қалыптасқан артық түркілік қосымшалардан тазартты. ХХ ғасырда «Бармыш, келміш, бара-дүр» деп жазып жүрген едік қой. Одан кейін ХХ ғасырда араб-парсы сөздерін түпнұсқамен жазу үрдісі болды. Арабтар қалай жазса, қазақтар да тура солай жазатын. Осындай жазу жүйесі ысырылды. Ең алғашқы емле де Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен басталады», — деді Гүлфар Мамырбек.

Осыдан кейін 1929 жылы халық латын графикасын қабылдады. Бірақ, «ол графика қазақ тілінің болашағына бағытталған жоқ» дейді маман. Оның айтуынша, сол тұстағы Ресейдің қол астындағы отар болған халықтардың бәрі де осы графикамен жазған.

«Бұл кезде де тіл жанашырлары жазуды жеңілдетуге бағытталған жұмыстарды істеді. Дәл сол 1929 жылы бізде бас әріп қолданысқа енгізілді. Одан кейін бәріміз білетіндей, кирилл қарпі келді. 28 төл әрпіміз бола тұра кирилл қарпі бойынша 42 әріпті қабылдадық. Содан бері қаншама артық әріпті қолдана отырып, біз 42 әріппен жазып келе жатырмыз. Міне, осы мезеттегі тіл реформасы басы артық таңбалардан құтылуға мүмкіндік жасап отыр», — деді Гүлфар Мамырбек.

Еске сала кетсек, Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын тілдермен қатар тұруы керектігін» айтқан болатын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында ҚР Президенті латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайтынын ескертті.

«Қазақ тіліне реформа, тіпті қажет десеңіздер тілімізді жаңғырту қажет. Ғалымдарымыздың салмақты пікірлерін күтеміз. Тағы да қайталап айтамын, біз нақты қазақ тілін реформалаймыз. Мұндай ұлтымыз үшін тағдыршешті мәселеде науқаншылдыққа және жеңілтектікке жол беруге болмайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сататын ЖОО-лар туралы айтты. «Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың

  • Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Дәстүр бойынша Жаңа жылдың басы өткен жылды қорытындылап, жаңа міндеттерді іске асыратын уақыт деп есептеймін. Мен ғылым саласы туралы әдейі көп жазған жоқпын, себебі бұл салада жиналып қалған мәселелер өте күрделі, әрі сан қырлы болғандықтан, қабылданатын шешімдерге де қарама-қайшы пікірлер мен көзқарастар әртүрлі болды. Сондықтан, министр лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір мәселені жеке-жеке де, басқа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog