|  | 

Ахметтің 40 мысалы

Ахмет Байтұрсынұлы. Кісі мен аю

Бір Адам айдалада елден жырақ,
Жеке-тақ, жапан түзді қылды тұрақ.
Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой,
Жалғыздық олардан да қиынырақ.

Көк шалғын, ағаш, бұлақ — бәрі жақсы,
Болмайды нақ адамдай серік бірақ.
Сөйлесіп іштен шерін тарқата алмай,
Жеке-тақ қапаланды жалғызсырап.

Бір күні келе жатты ағаш жаққа,
Нендей жан кез болар деп таныспаққа.
Орманда Қасқыр, Аю аң болмаса,
Табылсын онан басқа кім бейбаққа!

Айтқандай қарсы алдынан Аю келді,
Бұл оған тағзымменен сәлем берді.
Көрісіп, қол алысып амандасып,
Сөйлесіп, бірте-бірте танысты енді.

Дос болды ақырында Аю, Адам,
Зор болды татулығы бір тумадан.
Екеуі күндіз-түні болып бірге,
Баспады бір-бірінен оқшау қадам.

Сөйлескен әңгімесін ешкім білмес,
Әзіл ме, ертегі ме, жай ма кеңес?
Жеке-тақ еңгімеге жоқ кісі еді,
Аю да туғаннан-ақ мылжың емес.

Сөйлесіп қанбаса да кеңеске көп,
Әйтеуір сол Аюды жаратты бек.
Бір сағат сабыр қылмай, сағынады,
Көзінен таса болса жолдасы тек.

Осылай әлденеше күндер өтті,
Шілде боп, күннің ыссы кезі жетті.
Аралап ойды, қырды, орман, тауды,
Екі дос күн ыссыда сайран етті.

Жүре алмай, Адам шаршап, тала берді,
Әр жерде тұрып, демін ала берді.
Аюдан Адам нашар болғаннан соң,
Ере алмай, кейін, артта қала берді.

Сонда оған Аю айтты: «Жеке-тақ жан!
Айтайын мен бір ақыл, қүлағың сал.
Күзетіп, жан жолатпай мен тұрайын,
Сен ұйықтап, біразырақ тынығып ал!».

Жеке-тақ жолдасының тілін алды,
Шапанын шешті дағы, төсеп салды.
Болдырып күні бойы жүрген бейбақ,
Жатты да, бір есінеп, ұйықтап қалды.

Ал енді Аю тұрды қарауылда,
Кінә жоқ бағып досын қарауында.
Қорылдап ұйықтап жатқан жеке-тақтың,
Бір шыбын келіп қонды танауына.

Шыбынды келіп қонған Аю көрді,
Бір қуып жіберіп ед, қайтып келді.
Үркітіп әлденеше қуса дағы,
Кетпеді, қайта-қайта қона берді.

ІПыбынға Аю қатты ашуланды,
Көтеріп жерден әйдік бір тас алды.
Және кеп маңдайына қонған шақта,
Таспенен пәрменінше қойып қалды.

Ұрған тас дәлдеп тиді жеке-таққа,
Кез болған қай оңды дос ол бейбаққа.
Я қаза, я бәлеге ұрынарсың,
Егерде болсаң жолдас ақымаққа.

Тас тиіп, бас сүйегі қақ айрылып,
Фаниден көшті сорлы бақи жаққа.
Қайырын зайғы етсе, керегі не?
Кез қылмай, ондай достан, Құдай, сақта.

* * *
Жігіттер, сақтаныңыз надан достан,
Досыңнан, надан болса, артық дұшпан.
Белгілі жаудан кісі күтінеді,
Тиеді достың оғы қапылыстан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? Тасисың бірде кеме, бірде салдар, Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын. Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ, Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? Бейнетім менің егер сендей болса, Бір күн де төзбес едім, нақ бұл шыным. Байқасам салыстырып саған қарап, Рақат, ұжмақ менің көрген күнім. Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ,

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына, Мал еді көз тоятын қарасына. Артықша бір көлбақа күншіл екен6 Сол көлдің бақасының арасында. Өгізді суға тойған Бақа көрді, Секіріп көршісіне жетіп келді. «Боламын мен де сонау Өгіздей»,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog