|  | 

Ахметтің 40 мысалы

Ахмет Байтұрсынұлы. Кісі мен арыстан

Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып,
Ішіне қалың ағаш торын құрып.
Бір күні Арыстанға кез болыпты,
Сыртынан құрған торын бағып тұрып.

Арыстан ақырды оған аузын ашып:
«Көрейін, қимылдашы қарсыласып!
Шекірейіп: «Жан біткенге патшамын!» — деп,
Мақтанып жүруші едің судай тасып.

Қайратың мақтанатын қандай екен,
Кел бері, байқасалық күш сынасып.
Адамым, рас бізге патша болсаң,
Жүріп көр аяғыңды қадам басып!»

«Арыстан! Сенен артық емес күшім,
Сөзімді ілтипатпен тыңдап, түсін.
Ететін мені артық хайуандардан,
Күш емес, өнерім мен еткен ісім.

Ол рас, сендей онша батыр емен,
Мақтаншақ, өтірікке жақын емен.
Қаншама күш жетпейтін қиын істі,
Орнына келтіремін ақылыммен.

Бұл саған айтып тұрған нағыз шыным,
Шындығын көрсетейін қазір мұның.
Егер де сөзім жалған болып шықса,
Жейсің ғой сонан соң да, жарықтығым!

Сен қара: қылдай өрмек анау тұрған,
Мен едім азаптанып соны құрған.
Кішкене желге де өзі селкілдейді,
Көресің, темір емес я тас қорған.

Жүрсем де қайратыңа сырттан қанып,
Көзіммен көргенім жоқ әлі анық.
Әуелі мен өтейін ар жағына,
Өтерсін, мықты болсаң, бұзып-жарып».

«Тұрсың ғой күш сынарға қылдай тормен,
Ол түл, байқасқанмын онан зормен.
Сен барып, ар жағында даяр боп тұр,
Жетермін мен де қазір тура жолмен».

Жөнелді көп сөйлемей адам пақыр,
Қуанып жылдам жүріп бара жатыр.
Датынан тор-торлардың өтіп алып,
Тұрды енді: «Келсең, кел, — деп, — біздің батыр!».

Арыстан шапты торға атқан оқтай,
Қомсынып, бейне алдында нәрсе жоқтай.
Өте алмай торды бұзып, шырматылып,
Сол жерде қолға түсті ұрмай-соқпай.

Оралып жатты торға Арыстаным,
Ақылдан білді күштің қалысқанын.
Терісін Арыстанның сойып алып,
Олжалы қайтты аңшы данышпаным.

* * *
Бұл жазған бозбалаға бір өсиет,
Өнерсіз қара күште жоқ қасиет.
Ойламай, күшке сеніп еткен істің.
Кірары әр уақытта басқа тиед.

Демеймін күш керексіз адамзатқа,
Өнер, ой онан да артық мал мен баққа.
Өнердің жоқтығынан азып жүрміз,
Қара күш бәйге алмай жүр осы шақта.
Пағыз бұл Арыстандай болмасақ та.

Бұл күнде күштен ойды бұрын жұмса,
Амал ет заманыңның ыңғайына,
Бәйгесіз құр лағып босқа шаппа.
Ақылдан күшіңді артық көріп жүрсең,
Жадыңа бұл кеңесті оқып сақта!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? Тасисың бірде кеме, бірде салдар, Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын. Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ, Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? Бейнетім менің егер сендей болса, Бір күн де төзбес едім, нақ бұл шыным. Байқасам салыстырып саған қарап, Рақат, ұжмақ менің көрген күнім. Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ,

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына, Мал еді көз тоятын қарасына. Артықша бір көлбақа күншіл екен6 Сол көлдің бақасының арасында. Өгізді суға тойған Бақа көрді, Секіріп көршісіне жетіп келді. «Боламын мен де сонау Өгіздей»,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog