|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Ата-аналар балаларымен сырласуды қойды

Ата-ана интернеттен бір ақпаратты немесе қанатты сөзді оқып алып, өзін білімді санайтын жағдайлар кездесіп жатады. Біз қазіргі уақытта ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспеу мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Балалар гаджеттерге айналып, өзімен өзі болып кетті. Қазір отбасылық қарым-қатынаста мынадай тенденция байқалады: ата-ана жатын бөлмеден шығып, жұмысқа кетеді — жұмыстан қайтып келіп, баласымен аз ғана әңгімелесіп, тамақтанғасын қайтадан жатын бөлмесіне тартады», — деді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тойкенова елордада өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, бұрын ата-аналар мен балалар жиі сырласып, ой алмасатын.

«Ата-анамыз бізге көңіл аударып, күнделікті өміріміз туралы көбірек сұрайтын. Одан қалды, әке-шешелеріміз аулада ойын ұйымдастыратын. Мүмкін, ата-аналар «қазір заман басқа, уақыт жоқ» дейтін шығар, дегенмен ол бөтен біреудің емес, сіздің балаңыз ғой», — дейді ол.

Министрдің кеңесшісінің айтуынша, әр ата-анаға өз баласына дұрыс қарау керектігін түсіндіру қажет.

«Біздің қоғамның проблемасы неде? Жүз ұстаздан бір әкенің тәлімі артық. Ал бізде балаларды мектепке сейф секілді әкеліп тастайды да, 11 сыныпта дамыған, тәрбиелі бала болып шыққанын қалайды», — дейді кеңесші.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ұрпақ тәрбиесіне жанымыз ашыса

    Ұрпақ тәрбиесіне жанымыз ашыса

    Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы екенін жиі айтамыз. Мен – бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, ертеңгі ұлт болашағын қалыптастырумен балабақшада айналысып отырған маманмын. Жақында жүз жылдық мерейтойын атап өткен бас басылым бетінде былтыр шыққан «Жасына жетпей қартайған балдырғандар» атты мақаладағы мәселе мені соңғы уақытта жиі мазалап жүр. Өйткені дәл осы проблема балалармен жұмыс істеу барысында күн сайын

  • Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Байырғы бабалардан бүгінге жеткен: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін құнды тәмсіл бар. Осы тәмсілді сәл тәпсірлеп көрсек, яғни баланың отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі мен үйренген өнегесі оның өмірлік ұстанымына айналады. Отбасынан әбес қылық көріп өскен бала үлкейгенде соны жасайды. Бұл талас тудырмайтын мәселе. Дана халқымыз «жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей»

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog