|  | 

Жаңалық

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында плагиатпен күрес шаралары туралы түсінік берді.

Академиялық адалдық, плагиат мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша да министрлік тиісті шешім қабылдауда. Turnitin деген ең үздік 15 мың университет қолданатын антиплагиаттық жүйе бар. Сол жүйеге біз биыл ұлттық жазылып, қолданудамыз. Біз нормативтік құжаттарға өгерістер енгіздік. Енді барлық курстық, дипломдық жұмыстар, әрине диссертациялар міндетті түрде осы жүйеден өтеді», — деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, жазылған еңбектер бұл жүйеден өтіп қана қоймай, сол жүйеде сақталады. Сондықтан, бір рет жазылған жұмысты екінші рет қорғап шығу мүмкіндігі бұдан былай болмайды.

Сонымен қатар А.Аймағамбетов бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Осы мәселеде диссертацияны қайтадан қарастыру деген сұрақ болды. Оны да қарап шықтық. Жалпы, 2009 жылы бұл диссертация қорғалған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғалды. Сол уақыттағы талаптарға сай деп санаймыз. Сондықтан, бүгінгі күні ол ғылыми атақты қайтып алуға заңнама аясында ешқандай мүмкіндік болмай тұр. Жалпы, бұл кісіні өздеріңіз білесіздер, өзінің өтінішін жазып, соның аясында қазір министрікте жұмыс істемейді», — деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, биыл қараша айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды .

Сонымен қатар Фатима Жақыпованың ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне қатысты айыптауға жауап беріп, айыптаушыларды сотқа бергендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

    Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен Түркістан облысы халқы!  4 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан нәтижелі білім ордасы Республикалық «QAZBILIM» орталығының Шымкент қаласы бөлімшесі ашылады. Алғаш 2013 жылы наурызда ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосу мақсатында «Қазбілім» порталын (kazbilim.kz) ақпараттық, сараптамалық сайты негізінде, 2016 жылы ақпан айында ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде өз

  • Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

    Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

    Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазіргі таңда елорда меткептерінде 185 мың бала оқиды. «Көктемде 9 мың бала мектепті аяқтаса, қыркүйек айында 22 мың бала бірінші сыныпқа келді. Ал 14 мектептегі оқушылар шамадан артық болып отыр. Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы бес мың орынға 6 мектеп салынды. Осы арқылы үш ауысымда оқитын үш мектептің мәселесі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog