|  | 

Керекті кеңес

Асхат Аймағамбетов ауылдың дарынды балалары қалай анықталатынын айтты

Ауылдардың, шағын қалалардың дарынды балаларын қолдаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Дарынды балаларды анықтаудың қолданыстағы жүйесі ауылдағы және шағын қалалардағы  дарынды балаларды анықтап, қолдауға өте аз мүмкіндік береді. Олимпиадаларға, конкурстарға көбінесе қаланың гимназия, лицей оқушылары қатысып, жеңіп, ауыл балалары тасада қалатыны жасырын емес. Осыған орай, министрлік Тұңғыш Президент қорымен бірге дарынды балаларды қолдаудың жаңа тұжырымдамасын әзірледі», — деді ол.

Министрдің айтуынша, енді басты назар ауылдық жерлердегі және моноқалалар балаларына бөлінеді. Іріктеу критерийлері теориялық білім емес, логикалық ойлау және практикалық дағдыға негізделеді.

«Биыл «Мектепке жол» акциясы бойынша министрлік қосымша шараларды қолдады. Ол 1 шілдеден басталып та кетті. Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында еріктілерді тарта отырып, жылжымалы пунктер мен ұтқыр топтарды ұйымдастыру жоспарланған. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша министрлік тарапынан тиісті шаралар қабылданып, сапалы орындалатын болады», — деді Асхат Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • «Балаларымызға фильмдерді ана тілімізде көруіне мүмкіндік беріңіз». Нұротандықтар Мәдениет министріне үндеу тастады

    «Балаларымызға фильмдерді ана тілімізде көруіне мүмкіндік беріңіз». Нұротандықтар Мәдениет министріне үндеу тастады

    «Nur Otan»-ның Орталық аппаратында еліміздегі жетекші партияның жанынан құрылған «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің отандық кинематографияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған басқосуы өтті. Парламент депутаттары, отандық телеарналардың жетекшілері, кино саласының мамандары, танымал блогерлер мен зиялы қауым қатысқан Қоғамдық кеңес мәжілісінде кино саласындағы елді толғандырып жүрген келеңсіздіктер айтылып, оны шешудің жолдары ұсынылды. Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Астана

  • «Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр

    «Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр

    Солтүстіктегі көрші мемлекеттің миллион тұрғыны бар қалаларының қатарына кіретін Омбы шаһарында «Омбы қазақтары» газеті шығады. Одан бөлек, қазақ ізін іздесеңіз, Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллин атындағы көшемен серуендеп, Шоқан мен суретші Амангелді Шәкеновтің ескерткішіне барып қайтуыңызға болады. Ресейдің Омбы облысында 100 мың қазақ бар. Оның тең жартысы қаланың өзінде тұрады. Бізбен әңгімелескен «Омбы қазақтары» қоғамдық

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog