|  | 

Білім жарысы

Астанада үздік жыл оқушысы анықталады

18 қарашада Оқушылар сарайында қала мектептерінің көшбасшы оқушылары арасында байқау өтеді. Оған білім мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатысады. Қатысушылар алдымен Қазақстан тарихынан тест сұрақтарына жауап беріп, эссе жазу арқылы іріктеу кезеңінен өтті. Ақтық сынға 15 оқушы іріктеліп алынды. Ақтық кезең бірнеше кезеңнен тұрады, оқушылар тапқырлығын, эрудициясын және шешендік өнерін көрсетуге тиіс, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайыты.

Байқау ҚР тұңғыш Президенті күніне орайластырылған, болашақ зияткерлік элита өкілдері ретінде мектеп партасында отырған жастар да халықтың рухани және материалдық байлығын арттыруға, еліміздің дамуына үлес қосуға тиіс. Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыру. Байқау міндеттері ел табысы мен жетістіктерін құрметтейтін жас қазақстандық патриот келбетін кеңінен таныту; жастардың болашаққа ұмтылысы мен мақсатының ортақтығын нығайту.

Байқауды ұйымдастырушылар Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының ішкі саясат және Білім басқармалары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтуде

    Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтуде

    Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазбілім ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «IITU Robocon Cames» республикалық бесінші чемпионатына Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары сынға түсуде. «Чемпионатқа 30 мектеп командалары қатысуда. Arduino негізінде роботтарды бағдарламалау оқушыларды механикалық, инженерлік бағыттарда машықтандырады», — дейді «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова. Чемпионат төрт жыл Алматы

  • Қазақстан атынан «Әлемнің үздік мұғалімі» байқауына кімдер қатысатыны белгілі болды

    Қазақстан атынан «Әлемнің үздік мұғалімі» байқауына кімдер қатысатыны белгілі болды

    «Әлемнің үздік мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан 11 педагог қатысатын болды, деп хабарлайды Қазақпарат. «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы «Әлем мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне еліміздің атынан қатысатын 11 педагогтың есімдерін жариялады. Қазақстан педагогтарының жаһандық сыйлыққа қатысуы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының – Халықаралық Варке қайырымдылық қоры («Varkey GEMS Foundation») құрылтайшысы болып

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog