|  | 

Ұстаз үні

Анар Фазылжанова: Филологиялық білім беру жүйесіне реформа керек

Қазақстанның Жоғары оқу орындарындағы филологиялық білім беру жүйесіне реформа керек. Қазақ тілін жаңғырту ісіне қатысты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова осындай пікір білдірді.

«Ең алдымен, филологиялық білім беру жүйесіне реформа керек. Қазақстандағы филология факультеттерін бітірген студенттер мен магистранттарды күнде көзіміз көреді. Олардың алғаны – классикалық филологиялық білім. Одан ары кетпейді. Ал қазіргі кезде коммуникация құбылып, өзгеріп тұрады. Коммуниканттардың талаптары да құбылмалы. Соған қарай филология мамандығын бітірген маман тілді дұрыс әрі сапалы қолдана алуы керек», — деді маман елордадағы Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі қазақ тілін жаңғыртуға байланысты айтқан ойлары негізінде ұйымдастырылған жиында.

Оның айтуынша, негізгі пәндердің мазмұнын да өзгерту керек.

«Мысалы, қазір синтаксистен классикалық білімдерді береміз біз. Сөйлемнің құрылысы, сөйлем мүшелері мектепте де, ЖОО-ларда да оқытылады. Ал енді қазіргі синтаксис қандай болу керек. Коммуницияның алуан түрлі саласында синтаксис қандай болу керек деген мәселеге бас қатырмаймыз. Мәселен, Ресейдегі Ломоносов атындағы университетте студенттер филологияны 42 мамандандырылған бағдар бойынша бітіріп шығады екен. Біздің филологияда классикалық филолог шығады. Ол адам сол баяғы қырқыншы жылдардан қалған бағдарламамен мектепте сабақ береді. Одан қалды аудармамен, ғылыми жұмыспен айналысады», — деді ол.

Еске сала кетсек, Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын тілдермен қатар тұруы керектігін» айтқан болатын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында ҚР Президенті латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайтынын ескертті.

«Қазақ тіліне реформа, тіпті қажет десеңіздер тілімізді жаңғырту қажет. Ғалымдарымыздың салмақты пікірлерін күтеміз. Тағы да қайталап айтамын, біз нақты қазақ тілін реформалаймыз. Мұндай ұлтымыз үшін тағдыршешті мәселеде науқаншылдыққа және жеңілтектікке жол беруге болмайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды.

    «Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылғанын

  • Айымгүл Тіржанова: “Жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылуда

    Айымгүл Тіржанова: “Жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылуда

    Қазіргі жаһандану дəуіріндегі, ақпараттың дамыған ғасырындағы түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Осы орайда Елбасының 2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмасын, сонымен бірге «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-тармағын іске асыру шеңберінде Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog