|  | 

Жаңалық

Айтыскер ақын балаларға арнап өлең түріндегі есептер жинағын шығарды

Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ержеңіс Әбді балаларға арналған «Ержеңістің ерекше есептері» атты кітап шығарды.
Кітаптың ерекшелігі сол ондағы есептер балалардың тез жаттап алуына болатын өлең түрінде берілген. Автор баланың ойлау қабілетін дамытатын есепті бір шумаққа сыйғызған.
Айта кету керек, Ержеңіс — айтыскер ақын. Республикалық, облыстық ақындай айтысының жүлдегері. Кітаптың әр беті баланы қызықтыратындай түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Алғашқы бөлігі 1000 дана болып жарыққа шықты. «Бұл кітапты алған ата-ана не ұтады, оқыған, жаттаған және оны есептеп шығарған балаға нендей пайда?
Осы сұраққа жауап беріп көрейін:
1.Телефонға телмірген баланың назары кітапқа ауады.
2. Баланың логикалық ойлау дағдысы қалыптасады.
3. Тақпақ жаттау арқылы есте сақтау қабілеті артады.
4. Жұмбақтарды шешіп, есептерді талдау барысында отбасылық жайлы көңіл-күй қалыптасады.
5.Кітапта әр жұмбаққа бір суреттен салынды.
6.Бұл кітапқа екі суретші мен балалар психологы атсалысты.
7.Бұл кітап филология ғылымдарының докторы, математика ғылымдарының докторы және балалар ақындары мен математика пәні мұғалімдерінің кеңесімен мақұлданды», — деп жазды автор өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

    БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

    Батыс Қазақстан облысында мұғалімді жұмысқа қабылдау үшін пара алған мектеп директорына үкім шықты, бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады. БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Теректі аудандық соты пара алған мектеп директорына ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес үкім шығарды. Сотталушыға параның 30 еселенген мөлшерінде, яғни 9 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол өмір бойына

  • Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

    Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

    Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімсіз 1,7 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап Қазбілім хабарлайды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері негізінде демография мен еңбек нарығына талдау жасады. Нәтижесінде, 2019 жылғы 3-ші тоқсанда Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылған, яғни ресми экономикада тіркелген, 3,35 миллион

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog