|  | 

Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ БЕСІНШІ СӨЗ

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі — неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды — махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол — жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол — ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СӨЗ

    Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СӨЗ

    Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады. Адам баласы

  • Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СӨЗ

    Абайдың қара сөздері. ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СӨЗ

    Адам ұғылы екі нәрседен: бірі — тән, бірі — жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби — оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы — жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы — жибили. Ақыл, ғылым — бұлар — кәсиби. Көзбенен

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog